🔳«Бидайа әл-хидайа» кітабында былай деп айтылған:
Қиямет күні Тозақ ашылады, қатты шыңғырған жан айғайының даусынан барлық қауым қорыққанан сәждеге құлай кетеді, Аллаһ Субхану Тағала айтқандай өзінің Құранында: «Ей Мұхаммед, сен барлық үмметті жүгінген түрде көресің.
Әр үммет амал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылымыстарыңның бодауы беріледі.”» Жәсия сүресі 45;28 аят. Тозақ есіктері ашылған кезде, «Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді.» Фурқан сүресі 25;12 аят., оның күркірегені бес жүз жыл қашықтықтан естіледі, сосын барлығы, тіпті пайғамбарларда айтады: «Мен өзім, мен өзім!» - дейді, тек қана сайланған екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ айтады: «Менің үмметім, менің үмметім!». Тозақтан оттың жалыны шығады таудың биіктігіндей, сол кезде Мұхаммедтің ﷺ үмметі тырмысып құтылғысы келіп айтады: «Ей оттың жалыны! Ғибадат етіп намаз оқығандар мен садақа бергендер үшін, тақуалылар үшін, ораза ұстағандар үшін,- кейін қайт!» Бірақта ол қайтпайды. Жәбрейіл عليه السلام періште айтады: «Оттың жалыны Мұхаммедтің үмметіне бағыт алды», - деп, кейін бір шыны су алып келіп Аллаһтың Пайғамбарына ﷺ береді де, айтады: «Ей Аллаһтың елшісі! Бұны алда оттың жалынына құй». Ол дәл солай жасайды да, сол сәтт өшеді. Кейін ол ﷺ сұрайды: «Бұл не су ?» Жәбрейіл عليه السلام жауабы: «Бұл су – сенің үмметіңнің, Аллаһ Тағала алдында қорыққанан жылаған күнәһарлардың көз жасы. Сол себептен саған берілсін деп маған бұйрылды, сол оттың жалынын сен өшірсін деп, және ол Аллаһ Тағаланың қалауымен өшті.»
⚪Пайғамбарымыз ﷺ айтады: «Ей Аллаһым! Менің көзімді Сенің алдыңда жылап тұратындай қылшы, өкініш пен күйінгенге дейін.»