Дэн Вальдшмидттің істеуге міндетті 19 үрейі 1. Қоңырау шалуға қорқатын адамға хабарлас. 2. Бұрынғыдан да ерте тұр. 3. Алашақтан гөрі берешекті арттыру керек. 4. Өзгелердің саған жасайтын қамқорлығынан сенің өзгелерге жасайтын қамқорлығың көп болсын. 5. Тәнің жарақаттан көрінбей тұрса да күресті тоқтатпа. 6. Сақтану керек деген жердің бәрінде тәуекелге бел бу. 7. Соңыңнан ілесетін адам болмаса да басқаруды үйрен. 8. Өзге ешкім тәрбиелемесе де өзіңді өзің тәрбиеле. Ізден. Білім қу. 9. Сұрағыңа жауап іздегенде ақымақтың кейпіне ен. 10. Қол сілтей салатын жерде ұсақ-түйектерді ойластыр. 11. Сылтау іздейтін жердің бәрінен нәтиже шығар. 12. Өзгенің пікірімен келісіп тұрсаң да өзіңнің ойыңды ізде. 13. Қателік жасап, ақымақ боп көрін. 14. Бір рет жасап көр, қателес, сосын тағы да көр. 15. Демің құрып қалса да жылдам жүгір. 16. Саған қатігездік танытқан адамға да мейірімді бол. 17. Ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізіп, ешкім үлгермеген уақытта үлгер. 18. Жұмысың жүрмесе де әрбір әрекетіңе жауапкершілікпен қара. 19. Таңдаған бағыттағы кедергілерге мән бермей алға қарай қозғала бер. Қиын істерді жасап үйрен. Өзгелер қашқақтайтын жұмысты сен істе. Өзің қорқатын жұмысты жаса. Мынаны бітіруге шамам жете ме, жоқ па деген істерге белсене кіріс. Сенің кім екенің сол кезде көрінеді. Жетістікке жететін адам мен қарапайым адамның өмірінің айырмашылығы сол ғана. Қиын істерден басыңды алып қашу ең оңайы. Неге сен істемеуің керек деген сылтаулар табыла береді. Қатардағы жай адамдар жетістікке қалай жетеді? Бір ғана анықтама бар – олар қиын істерге білек сыбана кіріседі. Олардан ақылды, бай, білікті адамдар шошитын істі бір өзі табандылықпен, бірбеткейлікпен тындырады. Қиын істерді таңда. Сонда өзіңнің қандай мықты екеніңді көресің. Аударған Шынар Әбілдә

Теги других блогов: продвижение SEO Google