ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН СӨЗ
(екі достың хикаясы)
⠀
Екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай, ерегесіп қалады. Бірі ашуланып екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Досының соққысы жанына батса да ол жақ ашпайды. Бірақ құм бетіне: «Бүгін менің жан досым бетімнен ұрды» - деп жазады.
⠀
Содан соң сапарларын ары қарай жалғастырады. Көп ұзамай алдарынан үлкен көл кездеседі. Екеуі суға түсіп, салқындап алуға бекінеді. Суға түскені сол-ақ екен таяқ жеген жігіттің аяғына балдыр оратылып, тұншыға бастайды. Серігі жалма-жан көмекке ұмтылып, оны өлім аузынан құтқарып қалады. Бір ажалдан аман қалған жігіт өзіне-өзі келген соң орнынан тұрып, тасқа ойып мынадай сөздер жазады: «Бүгін менің жан досым менің өмірімді сақтап қалды»
⠀
Жолдасының ісіне аздап таңырқаған досы: «Алғашқы ісімді құмға жазып едің, соңғысын тасқа жазып жатырсың. Мұның мәнісін түсіндірші!» - деп сұрайды. Сонда «Бізге біреу зиянын тигізсе істеген ісін құмға жазуымыз керек. Кешірім желі ескенде өшіріп жіберу оңай болады. Ал біреу жақсылық жасаса оны тасқа жазғанымыз дұрыс. Қандай дауыл, боран болса да, ешқашан өшіре алмайды» - деген екен ақылды дос.
_______________________
#асыларна #asylarna #тасқа_жазылған_сөз #хикая #жамандық #кешірім #жақсылық #екідос #мысал