Сұлтан Сүлейман және Мимар Синан
Риуаят бойынша Қануни Сұлтан Сүлейман түсінде пайғамбарымызды көреді. Сұлтан Сүлейман пайғамбарымыздың артынан еріп жүріп қазіргі Сүлеймание мешіті тұрған төбешікке келеді. Сүйікті пайғамбарымыз Сұлтан Сүлейманға: «Михрабы мына жерде, мінбері мына жерде болсын» дейді. Қануни Сұлтан Сүлейман түсінен оянып, көп шүкір етіп, Мимар Синанды шақыртады. Ештеңе ашып айтпастан қобалжыған күйі түсінде көрген жерге Мимар Синанды ертіп апарып сөздерін енді бастай бергенінде Мимар Синан: «Сұлтаным михрабы мына жерде, мінбері мына жерде болсын» дейді. Сұлтан Сүлейман таң қалып: «Сенің бұл істен хабарың бар сияқты» дейді. Мимар Синан: «Сұлтаным көрген түсіңізде мен де бір қадам артыңызда келе жатқан едім...» дейді.
Осман империясының ұлы патшасы Қануни Сұлтан Сүлейманның атымен аталатын «Сүлеймание Мешіті» әдемілік және көркем өнер сәулеті жағынан тек түркілердің ғана емес, бүкіл дүниежүзіндегі сәулет өнердің ең таңдаулы туындыларының бірі болып табылады. Сондай-ақ заманымыздың құрылыс саласындағы соңғы жетістігі саналатын жерсілкініске қарсы жасалатын технологияны Мимар Синанның сол кезде-ақ орнатып кеткендігі анықталған.
Сүлеймание мешітінің құрылыс барысында «Ислам әлемі тарихқа тағы да бір аса көрнекті із қалдыруда» деген хабарлардан алаңдаған христиандардың орталығы Ватикан, бір мәрмәрдан жасалған үлкен блоктың ішіне сырттан білінбейтіндей етіп үлкен “крест” салдырып, Сұлтан Сүлейманға «Ғибадатханаңыздың мінберіне арнап жасаған сыйлығымыз» деп жібереді. Сұлтан Сүлейман бұл мәрмәрдің ішіне салынған кресттен хабардар болып, Мимар Синанға блоктың ортасын кестіріп, крестті алдыртады. Екі бөлікке бөлінген мәрмәр тастармен кресттерді сыртқы аулаға кіретін есіктің кіреберіс еденіне орналастырады. Бұдан былай мешіт ауласына кірген адамдардың барлығы әлгі крест салынған мәрмәрларды басып өтетін болды. Кейін Ватиканға хабар жібереді: «Сыйлықтарыңды алдық, лайықты болған жерге орналастырдық» дейді.
Бүгінгі таңда мәрмәр ішіндегі крест шірігендіктен жақыннан мұқият қарағанда байқалады.