Ираннан шыққан, заманының ұлы ойшылы, философ Саади Шерозидің "Гүлстан" баянын қазақ тіліне аударудамын. Соның ішінен кейбіреулерін фб ға жариялап, оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім. Ғасырлар өтсе де құнын жоғалтпайтын жаухар дүниелер енді қазақша сөйлемек.
ХИКАЯ
Басра гаухар өндірушілер арасында бəдəуй арабымен сұхбаттастым. Ол мынадай бір қызық хикая айтты: «Бір күні шөлде адасып
қалдым. Жеп ішуге азығым таусылған. Сахарада аштан өліп кетуіме көзім жетті. Сол сәтте бір əмиян тауып алдым. Іші тола
інжу тасы еді. Әмиянның ішіндегі түйіршіктерді бадырақ екен деп қуанып кеттім.
Сондағы қуанышым күні бүгінге шейін есімде. Кейін əмиянды ашып, қарасам,
ішіндегі ас емес, інжу тас екен. Қаншалықты күйіп кеткенімді сөзбен жеткізу қиын. Сол
кездегі хәлімді өмірім соңына дейін ұмытпаймын.»
Құм суырған иен далада,
Тауып алсаң кенет жақұтты,
Аш адамның көзін қуантпас,
Сезінбессің ешбір бақытты.
ХИКАЯ
Тағы да соған ұқсас оқиға.
Қу медиен сахарада, бір мүсəпір жолдан адасады. Азық түлігі таусылып, аштықтан əлі құриды. Беліне таңып алған түйіншектегі дирхамынан
бөлек ештеңесі қалмады. Тамшы су тамбаған жапан даладан қаншалықты жол іздесе де таппай-ақ қойды. Ақыр соңында азаптанып қайтыс болды. Сол тұстан жолай өтіп бара жатқан
жолаушылар әріректе жатқан адамды көріп, көмек беру үшін барып қараса, мүсəпір дирхамдарын алдына қойып, топырақ үстіне былай деп жазып қалдырыпты:
«Әмиян толы алтын болса да,
Шөлейтте болмайды наннан басқа арман.
Аптапта аш жүрген бір бейшараға,
Ас қымбат көрінер асыл тастардан».
С. Шерози.
Аударған Сұлухан Мыңбай.