керемет ✈Құлап бара жатқан самолетте кəпірлер болмайды !!
Бар болса да мəшине мен отарба,
Ұшақпенен шықты адамдар сапарға.
Осы күннің нағыз ұшқыр ұшағы
Алып ұшты Алматыдай шаһарға.
Самолеттің жайлы екені байқалып,
Халық отыр, көңілдері жай тауып.
Аяқ асты алып ұшақ дірілдеп,
Төмен қарай құлдилады, шайқалып.
Бұндай кезде отыра алсын кім күліп,
Зор қорқыныш бар лəззатты қылды ұмыт.
Көздеріне азапты өлім елестеп,
Жолаушылар ойбай салды шыңғырып.
Біреу отыр мойнында бар тұмары,
Бірақ тұмар қандай көмек қылады?!
Егер ұшақ құлап кетсе, сол тұмар
Ұшақпенен бірге өртеніп тынады.
Қорғайды деп жұрттың тіл, көз, сөзінен,
Ата-анасы таққан бала кезінен
Көзмоншақтан титтей пайда көре алмай,
Бір кісі отыр сорасы ағып көзінен.
Десе де жұрт самолетте сапа бар,
Ол да темір, бір апатқа тақалар.
Бекер бықсып жүргендігін түсінді
Адыраспанмен аластағыш апалар.
Тағып алған қауырсынын тауықтың,
Зəресі ұшып отыр сорлы тəуіптің.
Болашақты білгіш болса, неліктен
Білмей қапты болатынын қауіптің?!
Қауіп-қатер қоршап еді маңайын,
Тентіреген ердің көрдік талайын.
"Жалғыз Алла өзің қолда" деп кетті
"Әруақ" деп айғайлағыш ағайын.
Тыңдамастан Алланы айтқан молдасын,
Әншейінде ел деуші ед "əруақ оңдасын".
Жер астында азап көріп жатқан ол
Аспандағы жұртты қайдан қолдасын.
Бастарына сəт туған соң ең мұңлы,
"Алла, Алла" деп жұрт көз жасын көл қылды.
Мейірімі шексіз Алла бұларды
Жер бетіне аман-есен қондырды.
Ауыр сынақ түскенменен бұларға,
Біз үшін де ғибрат бар ұғарға.
Ешуақытта сыйынбайық, Қазағым,
Әруақ, тəуіп, көзмоншақ пен тұмарға!
Менен басқа сыйынба деп ешкімге
Алла өзі айтып тұр ғой Құранда.
Алдымыздан қандай күндер туса да,
Аузымыздан түспесін тек бір Алла